Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет өнері
Ескерткіштің мерзімі: 1946 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, қалалық бейіт
Тарихи мәлімет: Нұрпейіс Байғанин — 1860 жылы 20-маусымда қазіргі Байғанин ауданында дүниеге келіп, 1945 жылы 9-сәуірде өмірден өтеді. Халық ақыны, жырау. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Нұрпейіс ақын адамдардың ең көп жиналатын — Темір, Ойыл, Ырғыз, Орал жәрмеңкелерінде өнер көрсетіп, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер тарғын», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» т.б. жырларды жырлаған. Ақын 40-50 жырды жатқа білген.
Ескерткіштің сипаттамасы: Қабірдің үстіне жапсарлас плиталармен бірге салынған өлшемі 2,5×0,80 метр болатын төрт қырлы тіктөртбұрышты тас белгі, орнатылған, жиегінде қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Тас белгінің алдыңғы бетінде «Акын Нурпеис Байганин 1860-1945 гг.» деген мәтін бар және музыкалық аспап-домбыра салынған.
Бейіт 3х3 метр болатын металл қоршау қоршалған.