Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2009 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институты аумағында
Тарихи мәлімет: Талғат Бегельдинов – ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Ол 1922 жылы 5-тамызда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген. 1943 жылы соғысқа аттанып, 305 рет әскери шабуылға шықты. Қазақстанның бірқатар ірі қалаларында әуежай салу ісіне өз үлесін қосты. 2014 жылы 10 қарашада 93 жасында өмірден озды.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш-мүсін қоладан құйылған, биіктігі 0,5 метр. Тұғыры ескерткіштің түсіне сай қызыл түсті керамогранитпен қапаталған. Тұғырдың биіктігі 2 метр, ені 70 см.
Мүсінші М.Габдрахманов