Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2011 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы 13а
Тарихи мәлімет: 1986 жылдың 26 сәуірінде адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат — Чернобыль АЭС-ы орын алды. Апатты залалсыздандыруға облысымыздан 2000 адам қатысты.
Ескерткіш белгі 2011 жылы, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында және Чернобыль атом электр стансасы апатын залалсыздандырудың 25 жылдығына орай орнатылды.
Бұл ескерткіш аман-есен елімізге оралып, бүгінде жастарға үлгі болып отырған абыройлы азаматтарымызға, арманда кеткен бауырларымызды мәңгі есте сақтау үшін орнатылып отыр.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш үш бөліктен тұрады. Стилобаттан, тұғырдан және адамның екі алақаны ортасында атом бейнеленген ескерткіш-белгі. Ескерткіштің биіктігі 2,4 метр. Сонымен қатар тұғырда «1986-1990 ж.ж. Чернобыль АЭС-ы апатын залалсыздандыруға қатысқан ақтөбеліктерге тағзым етеміз!» деген мәтін жазылған.
Мүсінші Ж.Жұбанқосов.