Ескерткіштің атауы: Айдарлыаша геологиялық қимасы
Ескерткіштің түрі: киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: тас көмір және пермьдік кезең.
Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласынан 45 км жерде орналасқан.
Тарихи мәлімет: Айдарлыаша қимасы 1950 жылдардан бері зерттеліп келеді. 1991 жылы әлем ғалымдары пермь жүйесінің 150 жылдығы қарсаңында осы кезеңге байланысты барлық геологиялық қималарға зерттеулер жүргізеді. Айдарлыаша қимасы – бұдан он миллиондаған жылдар бұрынғы Карбон және Пермь дәуірлерінің ізі сақталған орын ретінде 1996 жылы Қытайда өткен дүние жүзі ғалымдарының Халықаралық геологиялық конгресінде әлемде теңдесі жоқ табиғи ескерткіш деп бағаланып, халықаралық геологиялық ескерткіштер қатарына қосылды. 1997 жылығы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Ғылым министрі С.Школьниктің атына ресейлік профессор В.Давыдовтан хат келіп түседі. Ғалым ол хатта Айдарлыашаны – ұлттық қорық немесе парк жасап, мемлекеттік қорғауға алу қажеттігін ескертумен бірге, оның маңызын, сырын ашу үшін көп тер төгілгені жөнінде сөз етіп, әсіресе Лимуза Зағитқызы Ахметшинаның еңбегі ерекше екенін атап көрсеткен.
Ескерткіштің сипаттамасы: Айдарлыаша геологиялық қимасы– тас көмір және пермьдік кезеңдердің аралық қимасында орналасқан, аммоноидтердің, фузулинидтердің, конодонттардың фауналары мол жер.