Исатай мешіті

Ескерткіштің түрі: Киелі объекті

Ескерткіштің мерзімі: XX — ғасырдың басы

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылынан 4,7 км оңтүстік-шығыста

Зерттелуі: Ескерткішті алғаш рет 1983 жылы ҚазССР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау туралы архитектура-өнертану экспедициясы (жетекшісі С.Әжіғали) зерттеді. Сондай-ақ т.ғ.д., профессор С.Әжіғалидың «Ескерткіш-ел тарихы» атты кітабында және «Архитектура кочевников феномен истории и культуры евразии» атты монографиясында Исатай мешітіне қатысты ақпараттар бар. Мешіт 1984 жылы паспортталған.

Қысқаша анықтамасы: Мешіт төртбұрышты (10х19 м) қабырғалары шикі кірпішпен қам кесек араластырылып қаланған. Солтүстік бұрышқа жерден бастап күйдірілген қызыл кірпіштен өрілген 8,5 метрлік мұнара орналасқан. Конус тәрізді мұнараның басына кірпіштен өрілген айналма баспалдақ алып шығады.

Тарихи мәлімет: Бұл мешітті Ағымбай әкесі Шомбал  байға арнап, салдырған. Ол кісі Тоқаның Арзығұл руынан. Мешітті 1920 жылы Жыға бастаған ұста, шәкірттері Бисенғали, Хасен деген кісілер салған. Кірпіші сол жерден күйдіріліп басылған. Мұнараға көтерілер есігі және мұнараның жоғары жағында азан шақырар орны бар. Мұнараға кірер есігінің жанында кітап қоятын сөрелер орны сақталған. Негізінен мешіт құрылысы екі бөлмеден: кірер ауыз және үлкен бөлмеден тұрған. Кірер ауыздағы бөлмеде кітап сөрелері болған. Ал мұнара бөлмелерге жапсарлас бөлек салынған. Кейін елдің басшысы Сәтбайұлы Саудабек Исатай Сатыпалдыұлын Темір уезінен алдырып, осы мешітке ие бол дейді. Исатай халықты діни оқуға үйретіп, белді істерге басшылық жасайды. Сонан бері Исатай мешіті атанып келеді.