Ескерткіштің түрі: Киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: 1970 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы ауылдан 2 км шығыста
Қысқаша анықтама: Ескерткіш Қаратал ауылының солтүстік-шығыс шетіндегі қазақ зиратының ішінде орналасқан. Бұл цемент қызыл кірпіштен салынған қоршау (төртқұлақ). Сыртқы жағынан қабырғалар сыланып, ақталған. Ұзын жағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Қабырғалардың бүйірлерінде ұзын темір шыбықтар бекітілген. Алдыңғы жағында цемент блоктан жасалған құлпытас пен мәрмәр тақтасы орнатылған. Қоршаудың көлемі: ұзындығы — 3,996 м, ені – 2,77 м, биіктігі – 2,906 м. Сүлеймен ата бейітінің айналасында шикі кірпіштен қаланған қоршаулар бар. Олардың кейбіреулерінде құлпытастар орнатылған.
Аңыз әңгіме: Атаның өзінің өлерін біраз бұрын сезіп, туысқандарына: «Алда – жалда аттанып кетсем, бейітімді төрт құлақты қылып салыңдар. Қауымнан елу метрдей жерде, жалғыз теректің жанына пеш салып, бір бөлмелі үй түрғызындар. Ішіне киіз жайып, шам қойындар» деген. Қазіргі таңға дейін сол түнек үйіне әулиенің аруағына сиынып келгендер қонып, ауруларына ем сұрайды. Тіпті, сәби сүйе алмағандардың да тілектері қабыл болып жатады. Көріпкелділігі туралы аз айтылмайды. Сүлеймен ата емдеген талай адамдар күні бүгінге дейін өз бастарынан өткендерін ұмытпаған. Ата туралы аңыз әңгімелер мәңгі естерінде сақталған.