Атауы: Алдияр ишан кесенесі
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасыр
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым
Ескерткіштің сипаттамасы: Жаңадан салынған күмбезтам
Тарихи мәлімет: Алдияр ишан Ниязұлы (1839 – 1888) – XIX ғасырда өмір сүрген. Адай руының Ақпан тайпасынан. Діни ғұлама, Бұхарадағы Көкілташ медресесінің түлегі, ел ішінде мешіт ұстап, медресе ашып, балаларды сауаттандыру ісімен шұғылданған қайраткер. Осы топырақта талай талантты шәкірттердің көзін ашты. Бала оқытумен қатар ишан науқастарды да емдейді. Талай науқастарды аяқтан тұрғызған ишанның ел ішінде құрметі артып, көзі тірі кезінде-ақ ел әулие атандырды. Күні бүгінге дейін жұрт Алдияр ишанды әулие тұтып, ауырып-сырқағандар басына барып тәубе етеді.
Байғанин ауданының азаматтары Төрембетұлы Сақи мен Кесікұлы Ұзақбай 1997 жылы Алдияр ишанның зиратын жаңартып, ескерткіш тұрғызды.