Алпамыс батыр ескерткіші

Атауы: Алпамыс батыр ескерткіші

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 2018 жыл

Орналасқан жер: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш өлшемі 8,65 x 8,75 x 8,58 метр болатын тас төсеніш төселген алты қырлы алаңға қойылған. Мүсін трапеция пішінді тұғырға орнатылған. Тұғырдың ұзындығы — 3,02 метр, ені — 7,03 метр, биіктігі — 4,370 метр. Байшұбар атқа мініп, алдаспан қылышын алға сермеген Алпамыс батырдың мүсіні 600 маркалы шыны төсем мен мәрмәр ұнтағынан жасалған. Алпамыс батыр мүсінінің екі жағына арыстанның мүсінін пішіні төртбұрышты, ұзындығы — 2,02 метр, ені — 4,01 метр, биіктігі — 3,370 метр болатын тұғырға орнатқан. Ескерткіштің артына колонналар салынған. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 11 метр.

Мүсінші: А.Шукеев.

Тарихи мәлімет: «Алпамыс батыр» — қазақ халқының қаһармандық эпосы. Жырда талай заманның түсінігі, дүниетанымы, шындығы қат — қабат қорытылып, полистадиялы түрде жинақталған. Мұнда түрік қағандығы дәуіріндегі (V-VII ғасыр) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, XVII-XVIII ғасырдағы қалмақ шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстардың нақтылы елестері де сезіліп отырады. Қазақ халқының бірнеше ертегілерінде “Алпамыс батыр” жырының оқиғалық сарыны кездеседі. Татар, башқұрт халықтарында бұл тақырып ертегі түрінде айтылады. Жырдың үлкен, көркем поэзиялық нұсқалары туысқан қарақалпақ, өзбек халықтарында да кездеседі. Бұл көрсетілгендер “Алпамыс батыр” жырының көптеген түрік халықтарының бастан кешкен тағдыр — талайын еске салатын жалпы түріктік қасиетінің молдығын аңғартады.