Атауы: Жапақ тамы кесенесі
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасырдың аяғы
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылынан шығыс – оңтүстік — шығысқа қарай 7 шақырым
Ескерткіштің сипаттамасы: Қасбетті, дөңгелек келген мазардың кіреберісі оңтүстік батысқа қараған. Сыртқы шеңберінің диаметрі — 8 метр. Қасбет дөңгелек ғимаратты тең бөлікке бөліп тұр және 4 ойықша бедері шағын. Мұнара — күмбезшелер құрбандық орны тәрізді сыртқа шығып тұр. Мазардың ішкі бөлігінде төрт жерасты қабірлерінің үстінде сахна тәрізді тұғырлар орналасқан. Мазардың биіктігі — 7,1 метр.
Тарихи мәлімет: Ескерткіш Батыс Қазақстанның екі камералы кесенелерінің сирек кездесетін түрлерінің бірін сипаттайды. Ескерткіш 1980 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Қазреставрация» ҒЗЖИ экспедициясымен тіркелген. 1984 жылы республиканың тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ОСО экспедициясымен паспорттау мақсатында зерттелді (жетекшісі С.Әжғали)