АЗУ ТІС

DSC_0008

Кратер аумағында орналасқан «Азу тісті» ел кезінде «Әке арқауы» деп атап, халық арқасын қатпар-қатпар тасқа тіреп, Алладан тілек тілеген.

1000 метрдей жер астында жатқан қабаттарды метеорит күші жер бетіне шығарып тастаған керемет көріністі тамашалауға болады және келген космоэнергетиктер осы тасты «Әке арқауы» деп атап, бұл жердің ерекеше қасиеті бар екенін көрсеткен. Аталған тасқа арқаны тіреген күйде арғы ата-бабаларына сыйынып, құран бағыштап, қолдау сұрайды. Сонымен бірге, «Ана құрсағы» деп аталатын қуысқа кіріп, бала аңсап жүргендер жаратқанға сәби сұрап жалбарынады.  «Азу тіс» аумағында лешательериттер көптеп кездеседі.

Шлак — импактиттер ішінде кратерде көп таралғаны және соның ішінде біліктің (вал) шығыс бөлігінде орналасқан. Анализатордың көмегінсіз оның күрделі құрылым сипатын  көруге болады, олар: қоңыр немесе сары әйнектің сынығы мен талшықтарынан және түссіз лешательерит, мөлдір емес руда минералдарынан тұрады.

Лешательерит – біліктің (вал) солтүстік-батысында тау жынысы кварцты тастамырдан құралған блоктарының маңында тастамырдан кварцтың балқуы нәтижесінде пайда болған ерекше кесек тастар (0,5 м-ге дейін лешательерит) соның ішінде таза көпіршектенген кремнеземдер табылған. Жарылыс кезінде t-5000ºC болған, жарылыстан кейін  t-1700ºC кварц көбіктеніп түзілген.