ЖЕТІМ ШОҚЫ

Жетім шоқы – Жаманшың аумағында орналасқан ең биік шоқы.  Биіктігі 300 метр. Жаугершілік жылдары бұл жер көп адамдарға пана болған. Оның ішкі қуыстары мен үңгірлері, ойпаттары көп. Сондықтан қуғын-сүргінге ұшырағандар осында келіп бой тасалаған. Ел аузында жүрген аңыздарға сүйенсек түрлі себептермен сыңарын таппай жүрген жалғызбасты қыз, жігіттер жетім  шоқының ең биік шыңына шығып, тілек тілер болса, көп ұзамай сыңары табылып, қыздар ұзатылып, жігіттер отау көтереді екен.