Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: 1985 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Ж.Кереев көшесі
Тарихи мәлімет: Ескерткіш Ақтөбе қаласында 101 ұлттық бригадасы мен 312 атқыштар дивизиясының құрылуына байланысты арналған. 312 атқыштар дивизиясы 1942 жылы мамыр айында құрылып, оны командир А.Ф.Наумов басқарады. Оның құрамында ақтөбелік коммунистер, мен комсомолдар болды. Жауынгерлік әзірлікті тексеру және 101 атқыштар бригадасын майданға жіберу мақсатында 1942 жылы мамырда 101 атқыштар бригадасының жас буыны К.Е.Ворошилов әскери бағдарламасын жедел қарқынмен меңгерді. Ол өзінің жеке құрамының жауынгерлік дайындығына жоғары баға берді.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш өзіндік сәулеттік композицияны бейнелейді. Сұр мәрмәр тұғыр мен қызыл кірпіштен жасалған қабырғаның бөлігі, кремль қабырғасы мен жалауын бейнелейді. Тұғырда 7 метрлік ЗИС – 3 маркалы оқу зеңбірігі орналасқан. Тұғырдың өлшемі 6, 24х2, 64х1,1 м, қабырғалары — 9х4х0,64 м (0,90). Қабырғаның екі жағында мемориалдық тақталар орнатылған.