Ақтөбе облысындағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі

Ақтөбе облысының археологиялық ескерткіштерін зерттеу

Ақтөбе облысының археологиялық ескерткіштерін зерттеудің негізі ерте кезеңнен Ресей оқымыстыларының біздің өлкемізге келіп, алғашқы деректер қалдыруынан басталды. Археологиялық ескерткіштер туралы алғашқы тың деректер қалдырушылардың бірі Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі XVIII ғасырдың белгілі ғалымы П.И.Рычков болды. Ол өзінің «Топография Оренбургской губернии» он при описании археологических памятников Оренбуржья затрагивает и западноказахстанские (Рычков, 1762, 58-60 б).

Кейінірек, Батыс Қазақсан территориясына Э.Эверсман келді. «Путешествие Эдуарда Эверсмана из Оренбурга в Бухару летом 1820 года» атты жұмысында өзінің көрген археологиялық объектілерін, көне бейіттер деп атады (Кастанье, 2007, с. 103-105).

Ақтөбе облысының алғашқы археологиялық ескерткіштерінің негізгі бағытталған қазба жұмыстары ХIX-XX ғ.б. соңғы төрттігінде басталған. Бұл жұмыстардың барлығына жақсы ықпалын тигізген өңірдегі көне жәдігерлерді зерттеуге арналған тапсырмамен Орынбор Ғалымдар Архиві Комиссиясының (ОҒАК) ашылуы болды.

1884 және 1887-1888 жылдары ОҒАК мүшелері Ф.Д. Нефедов және К.А.Фишер ерте көшпенділер сақ-савроматтар ескерткішін зерттеуге арналған қазба жұмыстарын жүргізді. Олар Ақтөбе облысының батыс шекаралас аудандарындағы Елек және Теріс Бұтақ өзендерінің жағасында орналасқан б.з.д. V-IV ғ. Бірнеше қорғанды зерттеді. (Смирнов, 1975, 6 б.; Родионов, 1996, 5-8 б.). ХХ ғасырдың басында (1904, 1906,1909 ж) ақтөбе қаласындағы Қарғалы өзені алқабындағы (елек өзенінің оң жақ ағысы) ескерткіштерге И.А.Кастанье кішігірім қазба жұмыстарын жүргізді.

Олар оннан астам қорғандарды қазып, оның ішінде кейбіреулерінің жерлеу жоралғылары және шығарып салу әшекейлері ерте темір дәуіріне тиселі болды (Кастанье, 2007, с. 118-123). Сонымен қатар осы уақытта табылған ерте темір дәуіріндегі басқа да табылған археологиялық заттар туралы деректер бар. Труд басылымының 19-шығарылымында Ембі-Темір ауданының екінші ауылынан тас мүсіндердің табылғаны айтылады. Венедикт мәлімдемесі бойынша тас айел мүсіні табылған кезінде сынған және оның сипаты құмтастан жасалған тегіс, бет әлпеті, омырауы және мойнындағы әшекейі кескінделген. Венедиктің пікірі бойынша тас мүсіндер Мұғалжар станциясы аумағында орналасқан (Труды Оренбургской ученой архивной комиссии, 1907, 56-57 б. ).

Осылайша, ХХ ғ басына дейін жүргізілген зерттеулерді төңкеріске дейінгі Ақтөбе облысындағы археологиялық ғылымның бастапқы даму кезеңі деп сипаттауға болады.

Ақтөбе облысының ескерткіштерін зерттеу төңкеріс және азамат соғысы кезеңінде тоқтатылып, ХХ ғ 20 жылдары қайтадан жалғасын тапты.

1926 жылы Грязнев пен Коморовтың бастауымен археологиялық ескерткіштерді СССР Ғылым Академиясының антропологиялық отряды зерттеп бастайды. Біріккен және автономды республика зерттейтін комиссия құрылды.

Негізгі жұмыс кішкене қорғанды археологиялық обьектілерді есепке алуға бағытталды.

Жол бағыты облыстың солтүстік аумағынан (Мартук және Қарғалы), Орал өзенінің оңтүстік сағалары Ебейті, Қилы Бөрте, Кергелді, Әлімбет, Теркеле т.б арқылы өтті.

Қортындысында 28 әркезеңдегі ескерткіштер тіркелді. М.П. Грязнов табылған ескерткіштерді 4 түрге бөлді: құмды қорғандар, тасты қорғандар, таспен қоршалған жер қорғандар, сақина тәрізді тегіс бейіттер.

Оралсай шатқалында (Теректі өзенінің сол жағалауында ), осы атаулы бейітте ерте көшпенділердің қола дәуіріндегі төрт жерлеу түрі зерттелінді. (Грязнов, 1927, 172, 178-183 б.).

Жерлеу жоралғысы мен бұйымдарға қарап кезеңін темір б.з.д. VIII және IV ғ. деп болжайды (Смирнов, Петренко, 1963, 16 б.).

Өткен ғасырдың 20-30 жылдары мемлекеттің экономикалық дамуына орай аумақта геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілді.

Барлау жұмыстары нәтижесінде Темір және Мұғалжар аудандары Б. Борнеман, И. Ларин, И. Герасимов және В. Самодуров геологтармен неолит дәуірінен ерте темір ғасырына дейінгі әр түрлі ескерткіштер табылды. Осы арқылы СССР Антропология және Этнография Ғылым Академиясына қыш ыдыстар, тастан қашалған қарулар және 28 қола жебе ұштары тапсырылды. (Кузьмина, 1959, 3-5 б.).

Осы жылдары облыс аумағында Б.Н.Граков жұмыс жасады. 1930 жылы Орал және Ор өзенінің жағалауында барлау экспедициясын басқарды.

Ақтөбе өлкетанушысы В.В. Родионовтың мәліметінше экспедиция кезінде әр түрлі дәуірге жататын 78 ескерткіш тіркелген (Родионов, 1996, 14 б). Дәл осы жылы ерте темір дәуіріне жататын 4 қорған зерттелінді. Құмсай ауылында Шиелі өзенінде орналасқан 2 қорған қазылды. Қорған қоладан жасалынған жебе ұштары мен иленген құмыраларына қарап б.з.д. V ғ. деп мерзімделеді (Смирнов, 1964, 55-56 б.). Дәл осы жылы Б.Н. Граков Матвеевка ауылынан оңтүстікке қарай 800 м, Ойсылқара өзенінің оң жағалауында орналасқан қорғандарды қазды.

Соғыстан кейінгі жылдары Ақтөбе облысының ескерткіштеріне зерттеу жұмыстары әр уақытта жүргізілді.

1955 және 1960 жылдар аралығында СССР Ғылым Академиясының тарихи-мәдениет институты жұмыс жасады. Батыс Қазақстандық торты В.С.Сорокин басқарды. Алғашқы жылдары экспедиция Ақтөбе облысының солтүстік және орталық аумағын қамтитын 4 барлау бағытын жүргізді.

Ақтөбе қаласына жақын жерде орналасқан Қарғалы және Теріс Бұтақ өзендерінен 2,3 км солтүстік батыста Ақжар қорғанының 2-4 бейіттерінен В.С.Сорокиннің зерттеуімен б.з.д VI-V және II-I ғасырға жататын жерлеу табылды. (Сорокин, 1955 ж.). Тарихи-материалды мәдениет институтының экспедициясымен Ембі өзенінің жоғарғы және орта ағысындағы ескерткіштер зерттелінді. 1958 жылы Е.Е.Кузминнің басқаруымен Михайловка ауылы (қазіргі Қаракөл ауылы) маңындағы ескерткіштер тіркеле бастады. Әрі қарай жол Ембі ауданы Құмжарған және Көкжиде құмдарына қарай бағытталды. Бұл жерлерді зерттеп болған соң отряд Шеңгелши ауылынан Жұрын ауылына солтүстік шығысқа қарай, Темір ауданынан Ембі өзенінің оң жағалауымен Ащысайға (Жарқамыс ауылының оңтүстік батысы) түсті. Нәтижесінде 19 әр түрлі кезеңге жататын ескерткіштер, қорғанды бейіттер және жалғыз қорғандар, сонымен қатар 2 орыннан тас қару жарақтар және бір шикізатты мазар табылды (Кузьмина, 1958 жыл).

1970 жылдары үзілген археологиялық зерттеулер Ақтөбе облысында қайта жаңарады. Ақтөбе археологиясы дамуы тарихының ерекше оқиғаларының бірі болып Қазақ СССР Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институтының апатты жағдайда тұрған ескерткіштерді зерттеуі болды. Сонымен бірге, 1970-80 жылдары археологиялық мектептің даму және қалыптасу кезеңі деп сипаттауға болады.

1973-74, 1976 жылдары Ақтөбе облысы территориясын Ақтөбе облыстық өлкетану музейі жоғарыда аталған институттың Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау отряды кешенді экспедиция өткізді. Жұмыс негізінен елек өзені маңындағы ескерткіштерге жүргізілді (Сынтас, Бесоба, Жалғызоба, Күміссай және т.б).

1974 жылы Үсіп өзенінде Қатын Адыр шатқалының батысында орналасқан 2 таласты типті қазақ қоғамының ескерткіші «құлақты» Үсіп І және ІІ зерттелінді (Қадырбаев, Құрманқұлов, 1976,1977,1978) . Кейінірек, 1981-1982 ж. Орталық Қазақстан экспедициясы М.К.Қадырбаевтың бастауымен көне ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізеді.

Ақтөбе облысының зерттеу отряды құрылыс, су жүргізу жүйесіне байланысты қазба жұмыстарын Нагорненск бейітіне жүргізіп, Құрманқұлов Ж.К, Т.И. Кулик и В.И. Заитов басқарды.

Екі маусым ішінде 1-6,8-9 (1981) және 7,10-11 (1982) қорғандар қазылды.

Нагорнинск бейітін қазу кезінде Елек өзенінің бойында орналасқан көшпенді халықтың мәдениеті, әлеуметтік және материалдық деңгейі жайында көптеген қызықты деректер табылды (Кадырбаев, 1984, 84-93 б.; Кадырбаев, Курманкулов, Кулик, 1982).

Жергілікті археологияның дамуында геологтарды ерекше атап өтуге болады. 1970-80 жылдардан бастап-ақ, геологты барлау экспедициясы нәтижесінде барлық облыс аумағынан көптеген археологиялық және этнографиялық ескерткіштер (бейіттер, тау үймелер, тұрақтар, петроглифтер т.б) табылды.

Осы жылы В.В. Родионов, Р.А. Сегедин, В.Ф. Коробков және С.Г. Грешнер Ақтөбе облыстық өлкетану музейіне тас дәуірінен орта ғасырға жататын жәдігерлер тапсырды. Сондай ақ, табылған археологиялық ескерткіштердің қысқаша сипаттамасы мен сызбасы бар есеп қолжазбалары тапсырылды. (Сегедин, 1976а; 1976б; 1977; 1981; Ткачев, Сегедин, Грешнер, 1996).

1975 жылы В.В.Родионов облыстық музей жанынан отряд ұйымдастырып, жергілікті халықтан түскен ұсыныс бойынша ескерткіштерді қарауға шығып отырды. Өлкетану музейінде қызмет еткен жылдарда археологиялық жәдігерлердің коллекциясы ретке келтірілді. Сол жылдары В.В.Родионов өзі далалық археологиялық барлауға шығып, түрлі дәуір ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізе берді және көп көңілін апатты ескерткіштерге бөлді. Осылайша ол 1975-76 жылдары «Оқыту алаңы» қорымын, Жаман Қарғалы-І бейітін, Жаман Қарғалы тұрағын зерттеді. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласы маңындағы Иманғазы Қарасу қонысындағы қорғанды бейітті зерттеді. Қазба кезінде бейіттің қорғандары егіннің астында қалып жыртылып кеткендігі байқалды. В.В.Радионов қазған 3 қорғанда да ерте көшпелілердің сүйектері табылды. 1977 жылы В.В.Радионов Бесоба бейітінің 2 қорғанына, Шпаки — ІІ бейітінің 2 қорғанына, Иманғазы Қарасу бейітінің 3 қорғанына қазба жұмыстарын жүргізді (Петров, Родионов, 1976; 1977, 1978).

1984 жылы облыстық өлкетану музейінің археология отрядын С.Ю.Гуцалов басқарады. Қызмет еткен жылдары С.Ю.Гуцалов В.В.Радионовпен бірігіп Болгарка 1 және 2, Қызылжар, Жаман-Қарғалы-II, Шығыс-Қурайлы-II, III ескерткіштері зерттелді (Гуцалов, Родионов, 1984; 1985; 1986). Айта кету керек, В.В.Радионовтың (1913-1986 гг.) зерттеушілік еңбегін С.Ю.Гуцалов әрі қарай жалғастырды. Екі зерттеуші де өскелең ұрпақты, яғни Ақтөбе қаласының мектеп оқушыларын, пионерлерді, училище студенттерін қазба жұмыстарына қатыстырып өлкенің тарихын оқытуда көп үлестерін қосты. Кейін облыстық музей жанынан С.Ю.Гуцалов «жас археолог» деген үйірме ұйымдастырды. Ал В.В.Радионов болса С.Ю.Гуцаловтан дала археологын тәрбиелеп шығарды.

Өлке археологиясын зерттеуде 1985 жылы педагогикалық институтта тарих факультетінің ашылуы үлкен бір бетбұрыс болды. Осы кезден бастап археология жоғары оқу орны дәрежесінде зерттелетін болды. Далалық археологиялық практика Ақтөбе облысының көптеген тарихшыларды тәрбиелеп шығарды. Олар Р.А.Бекназаров, С.Ю.Виноградов, В.В. Ткачев, А.А.Бисембаев және т.б. Ақтөбе педогогикалық институттың археологиялық практикасы 1986 жылдан басталып, басшысы С.Ю.Гуцалов болды. Ол қысқа мерзім ішінде Атпа, Целинный I, Шығыс-Қурайлы I, Танаберген II, Орқаш I бейіттеріне қазба жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, археологиялық экспедиция кезінде жүздеген ескерткіштер анықталды (Гуцалов, 2004, 9бет).

90-шы жылдардың басында бөлінетін қаржы көлемі азайғандықтан қазба жұмыстарының ауқымы да азаяды. 1991-1996 жылдары Ақтөбе облысында Танаберген II, Орқаш-I, Сарытау-I, Шаншар, Қарғалы I және II, Ақжар II-III, Садовый V-VI, Кенжибике II және т.б. зерттелді.

1997-2000 жылдар аралығында зерттеу жұмыстары облыстың солтүстік бөліктерінде жүреді (Орал өзенінің алқабы). Салтақ I-II және Кеңсайран бейіттерінде қола дәуірінен ортағасыр дәуірі аралығындағы жерлеулер қазылды. (Бисембаев, Гуцалов, 1998; Гуцалов, Бисембаев, 2002).

ХХІ ғасырдың басында қазба жұмыстары тоқтауға жақындады. 2001 жылы Мұғалжар ауданында Басшийлі бейітінде қазба жұмыстары жүрді.

2004 жылы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Ж.Е.Смаилов бастаған отряды Жем өзені алқабының мұнай өндіруші территориясында екі бейітті зерттеді. Ол Жем өзенінің сол жағалауындағы қыратта орналасқан Жарқамыс ауылынан оңтүстік-шығыстағы Қаратөбе І және ІІ бейіттері еді. Екі бейіттен жеті қорған қазылды. Олардың көбісі б.з.д. І мыңжылдықтың екінші жартысына, қалған біреуі кейінгі сармат, енді біреуі ортағасырға жатады. (Смаилов, Книсарин, 2005а).

Келесі зерттелген бейіт ол Жем өзенінің оң жағалауындағы Көкжиде құмдарынан солтүстікке қарай орналасқан Мортық І және ІV ескерткіштері. Екі бейіттеде түрлі кезеңдердегі жерлеулер, басым бөлігі прохоров мәдениетіне жатады. Жерлеулер жалпақ төртбұрышты, сопақша, болып келеді. Жерленген мәйіт арқасымен тіке жатқызылған, бастары оңтүстікке қаратылған. Табылған жәдігерлер әр түрлі. Қарулар, тұрмыстық заттар, ғұрыптық заттар (қылыш, қанжар, жебенің ұштары, дөңгелек табанды ыдыстар, сүйектен жасалған қасықтар, құрбандық табақтар және т.б.) (Смаилов, Книсарин, 2005).

Ақтөбе облысының ғылыми өмірінде елеулі орын алған 2006 жылғы Облыстық тарих, этнография және археология орталығының ашылуы болды. Бұл орталықтың ашылуын өлке тарихын зерттеудегі жаңа кезең деп айтса да болады.

Облыстық археология орталығының зерттеу жұмыстарына тарихи-мәдени мұраларды зерттеуді ұйымдастырып оларды зерттеу болды. Орталықтың алғашқы зерттеу жұмыстары Орал өзенінің оңтүстігіндегі тауаралық алқапта орналасқан Гүрілдек бейітін (Қарғалы ауданы, Велиховка ауылы).зерттеумен басталды.

Археология орталығы Астана қаласының Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтымен, Герман археология институтымен, Челябі ғылыми орталығымен, Орскі гуманитарлық-тезнологиялық институтымен, Орынбор мемлекеттік университетімен, Башкирияның тарих, тілдер және әдебиет институтымен келісім шарттар жасасып біріккен ғылыми зерттеу жұмыстарын жасады.

Осы күнге дейін археология орталығы Ақтөбе облысы аймағында біздің заманымыздан бұрынғы дәуірлерде өмір сүрген адамдардың тарихын, мәдениетін зерттеуде ондаған археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырды. Отандық ғылымның мұрасына айналған Бесоба, Төртоба, Құмсай, Ешкіқырған, Сәпибұлақ, Сегізсай және т.б. Бұл экспедицияларға барлық қазақстандық зерттеуші ғалымдар, Германия, Грузия, Венгрия, Ресей елдерінің ғалымдары қатысты.

Ақтөбе облысының тарих, этнография және археология орталығымен Қарғалы, Мартук, Қобда, Алға, Ойыл және т.б аудандар аумағы зерттелінді. Нәтижесінде тас дәуірінен ортағасырға дейінгі мыңдаған археологиялық ескерткіштер ашылды.

Нәтижесінде көпқырлы мол еңбекті қажет ететін жұмыс нәтижесінде тарихи-мәдени мұра ғылыми жұмыстар басылымында шығарыла бастады. Бұл бағытта 50 ден астам монография басылды. Мұның ішінде В.В.Ткачевтың арнайы «Степи Южного Приуралья и Западного Казахстана на рубеже эпох Средней и поздней бронзы» (Ақтөбе, 2007) авторлық басылымын атап өтуге болады.

2008 жылы Е.Е.Кузьминнің «Классификация и периодизация памятников андроновской культурной общности» (Ақтөбе, 2008), А.А. Бисембаевтың «Погребальный обряд средневековых кочевников Западного Казахстана» (Ақтөбе, 2011) үлкен ғылыми ауқымдағы кітаптары шығарылды.

2013 жылдан бастап, Ақтөбе облыстық тарих, этнография, археология орталығының жабылуына байланысты зерттеу жұмыстарымен Ақтөбе облыстық өлкетану музейі айналыса бастады.

2013-2015 ж Ақтөбе облыстық өлкетану музейі А.А.Бисембаевтың басқаруымен Ешкіқырған бейітінің 1-қорғаны, Көкжиде 4 бейіті, Шилісай бейіті, Құмсай және т.б зерттелінді.

2013-2015 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Қобда ауданының аумағындағы Елек өзенінің бойындағы көшпенділерді жерлеу кешенін зерттеумен Ә.Марғұлан атындағы археологиялық зерттеу институты филиалының қызметкерлері А.Оңғардың басшылығымен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Төртоба бейітінің 1-қорғанында қазба жұмыстары өтті. Ұрланбаған қорғандар ішінде жерлеу арқасымен басы батысқа және шығысқа қарай жатқызылған.