Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 1972 жыл.
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Ж.Шернияз көшесі 53.
Тарихи мәлімет: Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин (1884-1953ж) – Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы. 1915 жылдан бастап КПСС мүшесі, революциялық қозғалыстың қозғаушы күштерінің бірі.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш-мүсін шойыннан құйылған, бас киімсіз, шинель киген, оның астында жағасы көрінетін гинастерка бар. Биіктігі – 1,20 м. төртбұрышты тұғыр сұр түсті гранит плиткалармен қапталған. Тұғырдың биіктігі – 2,75 м, ені – 0,89 м. Тұғырда «Ә.Жанкелдин» деген мәтін бар.
Мүсінші А.Исаев, сәулетші И.Белоцерковский.