Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2008 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, қала әкімдігі ғимаратының алды
Тарихи мәлімет: Бәйбекұлы Әйтеке би (1644-1700 жж.) — қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. Әз Тәуке хан құрған Билер кеңесінің мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «Жеті Жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.
Ескерткіштің сипаттамасы: қазақ билерінің мол пішілген шапаны мен құндыз бөрік киген, оң қолына Тәуке ханның «Жеті Жарғы» Заңының мәтінін ұстаған, қоладан құйылған Әйтеке би Бәйбекұлының ескерткіші (биіктігі — 4,25 м.) қызғылт гранитпен қапталған, жалпы биіктігі — 4,0 м. 4 сатылы тұғырға және 4 баспалдақты іргетасқа орнатылған.
Мүсінші Ж. Жұбанқосов