Ескерткіштің атауы: Айшықты баба қорымы
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ.
Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Саға ауылынан оңтүстік-батыста 17 км жерде, Жем өзенінің оң жағалауы
Тарихи мәлімет: Қорым ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Назар руының жеке қорымы ретінде қалыптасқан. Қорымның негізі айшықты құлпытасы бар сағанатамнан бастау алады. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары мұнда негізінен Назар руының өкілдері жерленген. Кейінгі жылдары өзге де ру өкілдерінің бейіттері пайда болған.
Ескерткіштің сипаттамасы: Айшықты баба қорымының некронимі қорымның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қышыр есімді кісінің айшығы бар құлпытасынан алынған. Бейітте ескі де жаңа да молалар кездеседі. Қорымның ескі бөлігі жақсы сақталмаған. Бүгінгі күнге ХХ ғасырдың 60-70 жылдары мұнда Назар руының өкілдері жерленген. Кейінгі жылдары өзге де ру өкілдерінің бейіттері пайда болған. Қорымдағы бейіттердің көпшілігі силикат кірпіштен салынған «төртқұлақты» қоршаулар, темір қоршаулар, сондай-ақ кей жерлерінде силикат кірпіштен, темірден салынған шағын кесенелер бар. Қорымның өлшемі: 260 х 152 м. Қорымның координаттары: N48°21’23,39″; E57°19’01,26″