Ескерткіштің атауы: Алмат сардар Тобабергенұлының кесенесі
Ескерткіш түрі: киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғ.
Ескерткіштің орналасқан жері: Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылынан 20 шақырым оңтүстік-шығыста.
Тарихи мәлімет: ХІХ ғасырдың ерекше композициялық-жоспарлану шешімі мен декорімен ерекшеленетін қазақ сәулет өнерінің тамаша ескерткіші. Құлыптас эпиграфика ескерткіші ретінде маңызды. Ескерткішті алғаш рет 1983 жылы Қазақ КСР-нің тарих және мәденимет ескерткіштерін қорғау ОСО сәулет-өнертанушылық экспедициямен зерттелді. Кесене 1886-1888 жылдары Ырғыз даласының белгілі қайраткері Алмат Тобабергенұлы мен оның ұлдары (Төремұрат, Мақмұрат, Қосмұрат, Пірмахан), Жыға деген халық шебері салған. Кесене Алмат Тобабергенұлының көзі тірі кезінде салынған. Алмат Тобабергенұлы (1805 — 1897) — қазақ байы. Жасынан Ресей (Орынбор) мен Бұхар арасындағы керуен саудасына белсене делдалдық жасап, орыс тілін меңгерді. 1868 жылға дейін 54-әкімшілік дистанциясының бастығы болды. Орыс армиясының хорунжий офицерлік шенін алды. Халық оны сардар деп атады. Ел арасындағы түрлі дау-жанжалдарды шешумен қатар, Орынбор шекаралық комиссиясының жұмысына араласты. Алмат білімі мен тәжірибесін көшпелі елінің мәдениетін көтеруге, тұрмыстық жағдайын жақсартуға жұмсады. Оларды орыс әкімшілігінің жүгенсіздіктерінен қорғап отырды. Бұл бағыттағы жұмыстары қазақтардың жартылай отырықшылыққа көше бастауымен тұспа-тұс келді. Алмат қыстаулардың салынуына, үйлердің құрылысына, қысқы мал азығын дайындауға барынша көңіл бөлді. Өз тарапынан Ырғызда бірнеше ағаш және кірпіш үй-жай салдырды. Орынбор генерал-губернаторына арнайы хат жазып (9.1.1866), егіншілікпен айналысатын қазақтарға көмек алды. Малы көп, бай болған Алмат балаларын оқытуға көңіл бөлді. Атақты батыр Есет Көтібарұлымен құда болды. Бір баласы Самұрат Алматұлы (1842 — 1922) көп жыл Ырғыз уездінің бастығының көмекшісі, Кенжеғара болысы қызметтерін атқарған, Романовтардың 300 жылдығы құрметіне алтын медальмен марапатталған. Алмат Ақтөбе облысы Ырғыз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жердегі ата қорымына жерленген. Ұрпақтары басына күмбез тұрғызған.
Ескерткіштің сипаттамасы: Жоспарда тікбұрышты (12,70х12,10) құрылымы бойынша күрделі көп камералы құрылыс. Кесененің солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде орналасқан және дөңгелек пішінді жалпы ауданы 154 м2 7 бөлмелерден тұрады. Кесене кірпіштен іргетассыз салынған, екі жағынан күйдірілген кірпішпен салынған. Оңтүстік-батыс қабырғасы 3 бөлікке бөлінген, фигуралы қалаумен әшекейленген. Оңтүстік-батыс қабырғасы 3 бөлікке бөлінген, фигуралы қалаумамен әшекейленген. Кесененің кіреберсі Солтүстік-батыс қасбеттің оң жақ бұрышында орналасқан, Оңтүстік-батыс қабырғаның бойындағы жиынтық дәліз болып табылады және аралық камераға шығарылады, одан орталық жоспарында дөңгелек тәрізді камераға оңға бұрылады. Марқұмдарға арналған құлпытастарымен орталық бөлме тағы 5 жапсарлас камераларға, төмен ойықталған аркамен ашылады. Барлық камералар күмбездермен жабылған. Барлық камераларда (аралық камерадан басқа) көмуге арналған сағанатамдары бар, олардың жабылуы ретінде бағаналар болып табылады. Орталық залдың фриз жиегі декоративті сәндік белдіктермен әшекейленген, олардың арасында ою-өрнектермен мөрленген ганчев плиткалар жасалған метоптар өрнек-таста қалыпталған. Фриздің беті сыланып және ақталған. Қабырғалардың өзінің конструкциясы, ішкі массиві шикі кірпішпен қаланған және екі жағынан күйдірілген керпішпен қапталған. Сол ескерткіш сәнделген тыс. Кесененің сақталған биіктігі – 6,50 м.