Атауы: Аққағаз Досжанованың ескерткіш- мүсіні
Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылыстары
Ескерткіштің мерзімі: 2016 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, А.Досжанова көшесі 68а, Батыс- Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті жатақханасының аумағында
Ескерткіштің сипаттамасы: Аққағаз Досжанованың ескерткіш мүсіні қоладан құйылған, тұғыры тұтас граниттен жасалған. Тұғырында жылан бейнеленген медицина белгісі салынған. Оның астына Аққағаз Досжанованың есімі мен өмір сүрген жылдары жазылған тақтайша қойылған. Ескерткіш табаны-1,64 х 1,64 метр, тұғыры-71 х 71см, мүсіннің тұғырымен есептегендегі биіктігі-3,9 метр.
Мүсінші: Ж.Жұбанқосов.
Тарихи мәлімет: Аққағаз Досжанова (1893-1932) — қазақ әйелдерінен шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі. Торғай облысының 5-ауылында дүниеге келген. 1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіріп, сол жылы Мәскеудегі Жоғарғы әйелдер курсының дәрігерлік факультетіне түскен. 1917 жылы 1 мамырда Мәскеуде өткен мұсылмандар съезіне делегат болып қатысқан. 1921 жылы Ташкенттегі Түркістан Халық университетінің дәрігерлік факультетін тәмамдаған. 1928-1929 жылдары Ташкент қаласындағы әйелдер босанатын үйде дәрігер болды. 1932 жылы небәрі 39 жасында ауыр сырқаттан көз жұмды.