Атауы: Байгелді ата зираты
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: XIX — XX ғасырдың басы
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаратал ауылынан шығыс – оңтүстік — шығысқа қарай 19 шақырым 400 метр
Ескерткіштің сипаттамасы: Байгелді Ата әулие — Ойыл ауданының оңтүстік — шығысында, Ойыл өзенінің сол жағы, аудан орталығынан 25 шақырым, Ш.Берсиев ауылдық округінің күншығысынан 20 шақырым жерде жерленген. Басында үлкен құлпытасы бар. Бейіті көтерілмеген.
Тарихи мәлімет: Байгелді ата Жаңатуған Кете руынан. Зират басындағы түнек үйін Досқұлов Қайырбай салдырған. Күні бүгінге дейін адамдар барып түнеуде.