Ескерткіштің атауы: Батыр Дербісәлі Қиғылықұлы кесенесі
Ескерткіштің түрі: киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғасыр
Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Өтек ауылынан 20 км. жердегі Суықбұлақта орналасқан.
Тарихи мәлімет: Дербісәлі Қиғылықұлы — белгілі батыр, әулие, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Кіші жүздегі танымал тұлғалардың бірі, 1822-1824 жылдары Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі. Ойыл, Қиыл өзендерінің бойларын жайлаған. Дербісәлі батыр есімі елге кеңінен тараған атақты батырлардың бірі. Оның есімі ел жадында ол дүниеден озған соң көбіне әулие есебінде сақталды. Дербісәлі 1822 жылы желтоқсан айының соңында Жоламан бастаған бір топ билер мен батырлармен бірге Жайық пен Елек арасындағы жерлерді қайтару және Ресейде кепілде ұсталып отырған Арынғазы сұлтан мен Жүсіп Сырымұлын босатуды сұраған хатқа мөрін басқан. Бұл хатқа Кіші жүздегі белгілі қайраткерлер Адай Сүйінқара батыр, Шөмішті Табын Барақ пен Асау, Байғана батырлар да қосылған.
Ескерткіштің сипаттамасы: Дербісәлі батыр Қобда ауданының Өтек ауылының 20 км жердегі Суықбұлақта жерленген. Оның зиратына қазіргі дейін демеу сұрап, дерттеріне шипа тілеп, түнеп келеді, ерте кезде індетке ұшыраған малдарына дейін әкеп түнеткен жағдайлар болған. Әулиенің қабірін халық қасиетті жерлердің бірі ретінде санайды.