Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2019 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі
Тарихи мәлімет: Бөкенбай батыр 1667 жылы Ақтөбе облысының аумағында дүниеге келген. Ол – қазақтың ХYІІІ ғасырдағы даңқты Бас қолбасшысы, сұңғыла саясаткер, көреген мәмілегер, көрнекті мемлекет қайраткері Әбілқайыр ханның туұстары болған. Бөкенбай батыр Қараұлы 1710 жылы Қарақұм құрылтайында Бас қолбасшы болып сайланып, 1726-1729 жылдары Бұланты, Аңырақай, Қалмаққырылған шайқастарында жоңғарларға қарсы жан аямай соғысып, қол бастаған. 1742 жылы елінің бостандығы үшін түрікпендермен болған қырғында қаза тапқан. Бөкенбай батыр тәрізді халқының азаттығы жолында күрескен тарихи тұлғалар — бүгінгі тәуелсіз елдің мақтанышы.
Ескерткіштің сипаттамасы: Жылқы үстінде байрақ ұстап тұрған Бөкенбай батырдың мүсіні. Мүсін бес қатарлы шеңбер табанның үстіне орнатылған. Шеңбердің жалпы ұзындығы – 41 м. Тұғыры темір бетоннан жасалған: ұзындығы – 8,8 м, ені – 4,2 м. Ескерткіштің артында орта ғасырлық қамал стилінде барельеф тұрғызылған. Барельеф ұзындығы – 37 м. Ескерткіштің биіктігі – 5,98 м. Тұғырының биіктігі – 5,4 м. Екі қабатты баспалдағының биіктігі – 2,7 м. Жалпы биіктігі – 13,98 м. барельефтің биіктігі – 6,6 м. Мүсінші Ж.Жұбанқосов.