Ескерткіштің түрі: Киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: XVII-XX ғғ.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылынан 37 км оңтүстік-батыста
Зерттелуі: Қорымды зерттеуші еңбектеріне Басенов Т.К. «Архитектурные памятники в районе Сам» Алматы, 1947 ж.; Меңдіқұлов ММ. «Памятники архитектуры полуостова Мангышлак и западного Устюрта» Алматы, 1956 ж.; Аджыгалиев С.И. «Отчет о работе архитектурно-искуствоведческой экспедиции в Западном Казахстане в 1979 г. Архив РНРПО «Казреставрация» жұмыстарын жатқызуымызға болады.
Қысқаша анықтамасы: Ең көне (XVII ғ. аяғы — XX ғ., басы.) бөлігі болып сопақша көне тас қоршаулармен концентрацияланған қорымның солтүстік батыс бөлігі саналады.
Батыс аймағында ережеге сәйкес, ірі өңделген тамғалық белгімен стеллалар бар. Осы жерде қорымның негізі Дәуімшар бейіті (№ 200 обьект) орналасқан.
Кешеннің ең көрнекті ескерткіштері қашалған тастан жасалынған үш мавзолей. Олардың екеуі (№ 1,40 нысандар) солтүстік шығыс бөлігінде орналасса, біреуі Мырза Мұрын мавзолейі (№ 175 нысан) қорымның солтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Бұл оңтүстік қасбеті тікбұрыш жоспарлы (парапет, ауа өткізгіш тесік) ескерткіш. Төбесі дулыға түрінде күмбезделіп, қапталынған. Кесене интерьері жарқын ою өрнекпен көмкерілген.
Аңыз-әңгімелер: Дәуімшар батыр (1770-1810 ж.ж)- Каспий өңірінің атақты батырларының бірі. Дәуімшар батырдың өмірі, ерлік жолдары Үстірт, Жем, Сағыз аймақтарымен тығыз байланысты. Осы төңіректі иемденуге тырысқан башқұрт, түркімен, хиуалықтардың, кейбір қалмақ қалдықтарының бетін қайтарып, ұрпақ алдында өшпес ерлік үлгілерін қалдырды. Алаштың ақиық азаматы Халел Досмұхамедұлы Дәуімшардың батырлығын жоғары бағалап, оны Атағозы, Сүйінқара, Өтен, Нарынбай, Құлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, Көктаубай сынды ерлердің қатарында атаған.
Жем өңірін және осы маңайға қатысты өлкелерді келімсектерден қорғай жүруді басты міндеті санаған Дәуімшар батыр талай шайқастарды бастан өткеріп, жауларының сағын сындырған, өз мерейін үстем еткен. Батыр Жем өзенінің сол жағынан өткен шетелдік Экспедиция тобымен болған қақтығыста қаза болған. Бұл экспедиция тобымен кімдер болғаны тарихи деректермен анықталмаған. Жер өлшеуші орыстар, немесе ағылшындардың барлау топтары болуы да мүмкін деген болжам бар, ал кейбір мәліметтер бойынша Хиуаға сапар шеккен Перовский жасақтарының бір бөлігімен Дәуімшар батыр бастаған қазақ жасақтары кездесіп қалғанға ұқсайды. Соғыста екі жақта көп шығын болған. Батыр мен оның жасақтары бур жерде жерленген, ол жер Дәуімшар қорымы деп аталады.