Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2020 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Едіге батыр даңғылы мен С.Бәйішев көшесінің қиылысында
Тарихи мәлімет: Едіге батыр – 1356-1419 жылдар аралығында ғұмыр кешкен, заманында аты батыс пен шығысқа тегіс белгілі болған тарихи тұлға. Ақсақ Темір үш рет шауып, тұралатып кеткен Алтын Орданы қайтадан қалпына келтірген көреген саясаткер. Сонымен қатар «Едіге батыр» эпосы арқылы күллі қазақ халқына мәлім. Эпостың елуден астам нұсқасы бар. Едіге – дүние жүзіне белгілі болған тарихи тұлға.
Ескерткіштің сипаттамасы: қазақ билерінің мол пішілген шапаны мен дулыға киген, сол қолын жоғары көтеріп тұрған Едіге ескерткіші қоладан құйылған. Ескерткіштің биіктігі 4,5 метр, тұғырдың биіктігі – 4 метр. Тұғыры қызыл гранитпен қапталған.
Мүсінші Ж. Жұбанқосов.