Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: 1883 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Ж.Шернияз көшесі, 59
Тарихи мәлімет: Ақтөбе уезіндегі алғашқы оқу орны болып Бөрте тоғайлысынан 1881 жылы ашылған орыс-қырғыз 2 кластық училищесі болып табылады. Ақтөбе уезіндегі бұл ғимарат 1883 жылы оқу орны ретінде салынып аяқталды. 1884 жылы жаңа оқу жылына қарай училище Бөрте тоғайлысынан жаңадан салынған оқу ғимаратына көшіріліп, біздің заманымызға дейін сақталып тұр. Алғашқы ұстаз болып Қазан мұғалімдік семинариясын бітірген, атақты профессор И.Ильминскийдің шәкірті Арсений Мазохин тағайындалды. Ақтөбе уезінде 1879 жылы училищелерді бақылайтын инспектор болып тағайындалған, халық ағарту ісіне дамуына елеулі үлес қосқан Ы.Алтынсарин. Сондықтанда бұл оқу орнын Ы.Алтынсариндікі деп те атайды.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ғимарат «П» әрпі пішінде салынған бір қабатты, тастан салынған. Қазір таңда ғимарат «Облыстық тері-венерология диспансерінің» стационары ретінде пайдаланылып отыр. Ғимараттың қабырғасы — күйдірілген кірпіштен қаланған, соңғы жылдары қабырғаға арналған изовер панельмен қапталған. Ғимараттың жалпы ауданы-988,5м2, құрылыс ауданы-1500м2, бөлмелер саны-59, қойма-2, қорғау тақтайшасы орнатылған.