Қазақ әдебиетінің классиктері Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевтың біртұтас ескерткіші

Ескерткіштің  түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 2013 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов атындағы драма театрдың жанындағы скверде

Тарихи мәлімет: Тахауи Ахтанов (1923–1994 ж.ж.) Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.

Шанғытбаев Қуандық Төлегенұлы (1925-2001 ж.ж.) Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ ауданында дүниеге келген. Қазақстанның Халық жазушысы.

2013 жылы 90 жасқа толған жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың мерей тойы республикалық деңгейде Ақтөбе облысында өткізілді. Мерей той аясында Ақтөбе қаласында Т.Ахтановқа және оның өмірдегі де, әдебиеттегі де серігі, қаламдас досы, көрнекті ақын Қ.Шаңғытбаевқа біртұтас осы ескерткіш орнатылды.

Ескерткіштің сипаттамасы: Біртұтас ескерткіште қолына кітап алып отырған Т.Ахтанов, оның қасында тұрып тұрған Қ.Шаңғытбаев бейнеленген. Ескерткіш қоладан құйылған. Тұғырдың биіктігі — 3 метр, ескерткіштің биіктігі – 3,2 метр.

Мүсінші: Ж.Жұбанқосов.