Қазақай аһун кесенесі

Атауы: Қазақай аһун кесенесі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: 2003 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қазақай ауылы

Ескерткіштің сипаттамасы: Күмбезді кесене силикат кірпіштен қаланып салынған. Жоспары тік бұрышты, ұзындығы – 4,9 метр, ені – 3,85 метр. Кесененің жалпы биіктігі – 5 метр. Төрт бұрышында шағын айшықты күмбезбен аяқталатын мұнара және кесененің ортасына үлкен айшықты күмбез салынған. Кесенені 2003 жылы ұрпақтары салдырған. Кесененің айналасында жаңа бейіттер бар.

Тарихи мәлімет: Қазақай(1711 – 1796) Қази Акай (халық арасында Қазақай атап кеткен) саяси көзқарасына байланысты Дағыстаннан Ресейге жер аударылып, жазалы мерзімі біткен соң Пугачев көтерілісі кезінде Қазақстанға көшіп, Шалқар өңіріне орналасады. Тілеу, Қабақ, Жақайым, Жаңқылыш, Тама, Табын, Төртқара руларынан қырық шәкірт жинап, оқытқан. Қазір осы қырық шәкірттен елдің есінде анық сақталғандары Алшын (Дәулей) Қаражігіт, Қарағұл батырдың әкесі Қонақбай, Жанай молдалар.

Қазақайдың бейіті Қобда ауданындағы Сауқайың деген жерде орналасқан. Бұл елді мекенге қазір Қазақай бабаның аты берілді.