Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2014 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова мен Сәңкібай батыр даңғылдарының қиылысында
Тарихи мәлімет: Сәңкібай – жаугершілікке толы, XVII ғасырда өмір сүрген қазақ халқының батыры, Әбілқайыр хан, Есет батыр және Әжібай бидің замандасы. Қазақ халқының азаттығы, тәуелсіздігі жолында күрескен. Ақтабан шұбырынды шайқасында қазақ жерінің батысын жаулап алуға тырысқан қалмақтарды Еділ мен Жайықтан асыра қуу кезінде, Әжібай би мен Арал батыр бастаған сарбаздарға қолдау көрсеткен.
Ескерткіштің сипаттамасы: Сауыт киген Сәңкібай батырдың бюстінің жалпы биіктігі – 6,4 м, стилобад – 60 см, тұғыры үш қатарлы: бірінші қатары – 1,5 м, екінші қатары – 30 см, үшінші қатары – 1,9 м. Мүсіннің биіктігі – 2,7 м. Стилобадтың ұзындығы мен ені – 7 м. Алдыңғы жағында әр қатары – 15 см тұратын 4 сатылы баспалдақ бар. Тұғырының бірінші қатары: ұзындығы мен ені – 2,1 м. Екінші қатары: ұзындығы – 1,6 м, ені – 1,5 м. Үшінші қатары: ұзындығы – 1,3 м, ені – 1,2 м.
Тұғырда ескерткішті тұрғызуға ат салысқан адамдардың есімдері тізіліп жазылған. Мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.