Ш. Берсеевтің ескерткіш-мүсіні

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 2006 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Ш.Берсеев пен Н.Некрасов көшесінің қиылысында

Тарихи мәлімет: Шығанақ Берсеев — 1881 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ащыойыл бойында дүниеге келген. Атақты диқаншы, тары өсіруде әлемге рекорд жасап, әйгілі болған «ақ тарының атасы».

Ескерткіш 2006 жылы Шығанақ бабамыздың туғанына 125 жылдық ұлы тойы қарсаңында орнатылды.

Ескерткіштің сипаттамасы: Қоладан құйылған Ш.Берсеевтің  ескерткіш-мүсіні (биіктігі – 1,0 м.), тұғырының биіктігі 2,2 метр, ұзындығы – 60 см, ені – 64 см. Тұғыры қызыл гранитпен қапталған.

Мүсінші: Ж.Кенбай