Тілеу батыр ескерткіші

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 2015 жыл. Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысы

Тарихи мәлімет: Тілеу батыр Айтұлы 1630 жылы дүниеге келген. Тәуке ханның замандасы. Батырдың есімі Сайрам соғысымен тікелей байланысты. 17 мың қол Кіші Жүз әскерін бастап барған, Тілеу батыр 1684 жылы Сайрам түбіндегі шайқаста қаза болады. Тілеу батыр Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанына жерленген.

Ескерткіштің сипаттамасы: Тілеу батырдың жылқы үстінде, қолына найза ұстап тұрған мүсіні, көлемі 6,51х4,2 м тұғырға орнатылған. Ескерткіште бес қаруын сайлап жауға шыққан батырдың бейнесі қазақы ою-өрнектермен шебер бейнеленген.

Мүсінші Ә.Ахметов.