Ескерткіштің атауы: Жаманшың метеорит кратері
Ескерткіш түрі: киелі объект
Ескерткіштің мерзімі: 1 млн жыл бұрын
Ескерткіштің орналасқан жері: Ырғыз ауданы, аудан орталығынан 40 шақырым оңтүстік-батыста
Тарихи мәлімет: Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының оңтүстік-батысынан 40 км жерде орналасқан «Жаманшың» аталып кеткен жердің беткі бөлігінде палезой дәуіріне жататын метаморфтық тау жыныстары бар ерекше жердің бөлігін алғашқылар болып 1939 жылы В.А.Вахремеев пен А.Л.Яншин аңғарған болатын. 1960 жылы Б.В.Пилия сол жерден тау-шұңқыры толы түрлі қорытпалар, шашылған шыны моншақтарды тапты. Оларды вулканның тау жыныстары ретінде қарастырды. Орыс ғалымы, геолог П.В.Флоренский 1969 жылы өз зерттеулерінде бұл вулканның емес, үлкен жарылыс, соққының әсерінен деп болжап, 1975 жылы осыдан 1 млн жыл бұрын (кейбір деректерде 53 млн жыл бұрын) осы Жаманшыңға он мыңдаған мегатонна бомбаның қуатындай аспан денесі метеорит түскенін дәлелдеді.
Күю кезінде қызарған саздар, кеуекті шлактар, кеуекті және тығыз әйнек осының бәрі жаманшинитте біріккен және әйнекті моншақтар тектитпен теңестірілген, кейіннен «иргизит» атауы берілген.
Жаманшың метеорит кратері ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысымен бекітілген республикалық маңызы бар табиғи –қорық қоры объектілерінің тізіміне (геологиялық) енген.
Диаметрі 10 км жететін сондай-ақ, бәсең көрінетін сыртқы шеңбері бар метеорит кратерінің радиологиялық әдіспен есептелген жасы шамамен 12 миллион жылды құрайды. Ғалымдар құрамына қарап, оны тас метеорит деп санайды, себебі кратердің өзі мен оның төңірегінде метеориттік темір сынықтары кездеспеген. Метеорит қатты жартас жыныстарына түскен, сөйтіп олар соққы салдарынан құрамына түрлі минералдар мен бөлшектері бар тығыз әйнек тектес денелерге айналған. Соққы кезінде балқыған жыныстар импактидтер деп аталады, оның мағынасы «әйнекке айналғандар» дегенді білдіреді. Импактидтер құрамында саф никель, никель құрамды темір, сирек металдар, алмастық шағын кристалдар кездеседі. Радиогендік талдау нәтижелері бойынша кратердің жасы шамамен 1 миллион жылдан (кей деректер бойынша 53 млн жыл) асады. Кеңінен таралған нұсқа бойынша Жерге диаметрі 200-400 м-ге дейін жететін, жарылыс кезінде балқып кеткен метеориттің (астероид немесе кометаның ядросы да болуы мүмкін) соғылуынан түзілген. Жарылыс кезінде құлау ауданындағы температура 1700°C жеткен. Жарылыстан соң кратер тереңдігі 500 м-ден (мүмкін 1000 м) кем болмаған. Қазіргі таңда қыраттардың максималды ауытқуы 250-300 м-ге жетеді. Э.П.Изох көптеген жылдар бойына тектиттердің шығу тегін қарастырды, оған сәйкес кратердің жасы 10 мың жылдай деп саналады. Метеорит қатты жартас жыныстарына түскен, сөйтіп олар соққы салдарынан құрамына түрлі минералдар мен бөлшектері бар тығыз әйнек тектес денелерге айналған. Бұл тұжырым кратер тектиттерінің радиогендік жасы мен кратер төңірегіндегі оның пайда болуымен байланысты импактидті қабатша орналасқан геологиялық жыныстар жасы арасындағы қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді (Изох Э.П., Кашкаров Л.Л., Генаева Л.И.). Бұл Жер бетіндегі аз кездесетін тектиттер (иргизиттер) кенішінің бірі және тектиттер мен импактидтер қатар кездесетін жалғыз ғана кратер. Кратерде сонымен қатар лешательерит (көпіршіген кварцит), үш валентті титан да табылуда. 1989 жылғы Ресей, Канада, Франция, ГФР, АҚШ және Қазақстан ғалымдарының бірлескен экспедициясы, метеориттің құлауы өз кезінде табиғи геохимиялық ахуалды өзгертіп, ұзақ мерзімге тыйым салынған орын болып келген деген пікірді ұсынады. Энергиясы ондаған мың мегатонналық бомбаларға тең келетін жарылыстың нәтижесінде тереңдігі 700 м және диаметрі 5,5 км құрайтын, ұзындығы 1,5-3,0 км биік белесі бар шұңқыр пайда болды. Жарылыс аспанға көтерген балқыған жер жыныстары тамшы түрінде суынып жерге қайта түскен. Ғалымдар бұл жерде геологиялық-ландшафттық қорық құру туралы ұсыныс білдіруде. Орасан зор қысым мен теңдессіз жоғары температура ғаламшардың беткі қабатын бұзған. Белгілі бір уақыт ішінде Арал маңындағы жер қабатының шамалы бөлігі сұйық кейіпте болды. Онан балқыған магма арқылы суға түскен тастан таралғандай толқындар таралды. Жарылыс толқыны жыныстарды көтеріп, қабаттарды қозғалтып, тіпті төңкеріп те тастаған. Осылайша Жаманшың кратерінің ішкі белесі түзілді. Жарылыс кезінде буланған заттар жүйеленіп, қатайып, жерге ерекше әйнектер – тектиттер түрінде қайта түскен. Жаманшың тектиттерін Ырғыз өзенінің атымен иргизиттер деп атайды. Иргизиттер Жер бетінде миллион жыл бұрын пайда болған. Бірақ оларды құрайтын бөліктер «қара тамшылардан» 4000 есе үлкен. Жалпы Жер бетінде олардың табылған орындары оннан аспайды. Алайда иргизиттер олардың ішінен де ерекшеленеді.
Ескерткіштің сипаттамасы: Зерттеушілер Жаманшың осыдан 075-1,1 млн жылдар бұрын оңтүстік шығыстан – солтүстік батысқа қарап ұшқан ірі метеориттің жерге қиғаш (көлбеу) құлау салдарынан пайда болғандығын анықтады. Ойпаттың диаметрі 5-6 шақырым, түбі жайпақ, бауырайы көлбеу, тереңдігі 700 метрдей. Метеориттің диаметрі 200-400 метрге жетеді.