Жел диірмен

Атауы: Жел диірмен

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: 1909 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Есет батыр Көкіұлы ауылының батыс шетінде

Ескерткіштің сипаттамасы: Конус пішінді тастан салынған негіз бен ірі диірмен қамбасынан тұратын өзекті жел диірмен. Диірмен көлденең екі тақтаймен бекітілген білеуден тұрады. Қамбаның қаңқасы құстың тұмсығы пішінді шатыр тәрізді болып темір таспамен жабылған. Диірменнің ішінде оның биіктігінің жартысындай тік тіреуіш бағана қойылған. Диірменнің жоғарғы бөлігінде көлденең білік орнатылған, оған темір ұршығы бар көлденең тісті айналдыратын үлкен дөңгелек қойылған. Ішкі ұсақ құрылымдар (диірмен тастары және т.б.) тек ішінара сақталған. Диірменнің қарама — қарсы жағында есік (саты сақталмаған), терезелер мен төбеде желбағар орнатылған. Диірменнің негізгі конструкциялары қапсырмалар мен шегелерді қолдана отырып, ағаштан жасалған. Шатырға дейінгі биіктігі — 13 метр. Қамбаның ұзындығы — 4,70 метр, ені — 6,30 метр.

Тарихи мәлімет: Ескерткіш алғаш рет 1984 жылы Қазақ КСР-ның тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ОСО экспедициясымен зерттелді (жетекшісі С.Әжғали). Диірмен 1909 жылы украиндық қоныс аударушылар Тимофей Лаврушко және оның інісімен салынып, 1961 жылға дейін жұмыс жасап тұрды.