101 дербес атқыштар бригадасының жеке құрамы жайғасқан және жасақталған штаб ғимараты

Ескерткіштің мерзімі: 1936 жыл

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Н.Қобыландин көшесі, 2 үй. М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облысының дарынды балаларына арналған мамандандырылған мектеп-интернаты ғимараты.

Тарихи мәлімет: 1941 жылы 101 атқыштар бригадасы жасақталып, штабы орналасқан  ғимарат  1936 жылы салынған. Қазіргі уақытта М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты орналасқан.   

Ескерткіштің сипаттамасы: Ғимарат үш қабатты, кіре беріс есіктің сол жағында көлемі – 30 см. х 50 см. екі мрамор-тақтайшаға қазақ және орыс тілдерінде «Бұл үйде 1941 ж. ноябрь-декабрь айларында 101 дербес атқыштар бригадасы ұйымдастырылды»  («В этом здании в ноябре-декабре 1941 г. формировалась 101 отдельная стрелковая бригада») деген жазулар қашап жазылған.