Қали (Қарттын)-тамы мавзолейі

Ескерткіштің атауы: Қали (Қарттын)-тамы мавзолейі.

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және архитектура.

Ескерткіштің мерзімі: XIX ғ. аяғы – XX ғ. басы.

Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтекеби ауданы, Талдық ауылынан 20 км. шығыста, Ұлы-Талдық өзенінің оң жағалауы.

Тарихи мәлімет: Ескерткіш 1990 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Қазреставрация» ҒЗО экспедициясымен бекітілген. Ескерткіштің құрылу тарихы туралы деректер белгісіз. Ескерткіш XIX ғ. аяғы XX ғ. басындағы сәулетші мектептің ерекше бағыттарының бірі болып табылады.

Ескерткіштің сипаттамасы: Композиция бойынша күрделі ескерткіш, екі негізгі көлемнен тұрады: алты қырлы бұрыштарында шығыңқы және оған оңтүстігінен жанасатын бес камералы тамбурдың кірісі батыстан. Орташа камера негізгі залмен күмбезді өту жолымен қосылған. Бастапқы кіру каридорының камералары күмбездермен жабылған. Радиалды-сұқпалы конструкциялы залдың үстіндегі күмбез трапецті пішінді күйдірілген кірпішпен қапталған. Кесененің қабырғалары мен конструкциялары күйдірілген және шикі кірпіштің аралас қалауымен салынған, интерьердегі әк ерітіндісімен сыланған. Камерада үш моланын іздері сақталған, ал берілген қабырғаның сыртына бетон құлпытас орнатылған. Қабырғалардың алты қырлы беті фигуралы төселген және лекалды кірпіштердің пояспен безендірілген. Ою-өрнектермен және сюжеттік фрескалармен толықтырылған интерьерде де фигуралық белдіктер ерекшеленеді. Кесененің биіктігі – 6,50 м.; алты қырлы қабырғалардың қарама – қарсы арасы – 9,00 м.; тамбурдың ұзындығы (сыртқы өлшем бойынша) – 12,00 м.