Ескерткіштің атауы: Қарағұл би кесенесі
Ескерткіштің түрі: киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: XІХ ғасыр
Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Борлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км.
Тарихи мәлімет: Ескерткішті алғаш рет 1984 жылы ҚазССР-і тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының Ақтөбе экспедициясы зерттеген (жетекшісі – Әжіғалиев С.И.). Этнолог, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс елдерінің Халықаралық архитектура академиясының корреспондент-мүшесі – С.Е.Әжіғалидың Лондонда жарық көрген «Қазақ киіз үйі» кітабында Қарағұл кесенесіне «Қазақ даласында сақталып қалған сегіз қанатты киіз үй тәрізді кесене» деген анықтама берілген.
Ескерткіштің сипаттамасы: Мавзолей күмбезді, сегізқырлы, күйдірілген және күйдірілмеген кірпіштен аралас қаланған, арасы құмды сылақ. Іргетасы жоқ. Жарға 17 қырлы барабан жалғасып, сфера тәрізді күмбезге айналады. Мавзолейге кірер есік жандарында терезелері бар. Ішкі интерьеры жебе тәрізді терең ойықтармен салынған, іші саманды-құмды балшықпен сыланған. Еденде жерлеу камерасында екі мәйіт жерленген ойыс бар.
2007-2009жж. Қарағұл-тамы мавзолейі қайта қалпына келтірілді.