101 дербес атқыштар бригадасының жеке құрамы жайғасқан және жасақталған штаб ғимараты

Ақтөбе қаласы, Н. Қобыланды көшесі, 2 үй, қазір М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ғимараты. 101-дербес атқыштар бригадасы 1941 жылғы 25 желтоқсанда, Ұлы Отан соғысының алғашқы ауыр кезеңінде Ақтөбе қаласында жасақталған. Оның 80 % – қазақтар, 10 %- орыстар, 3,7 % украиндар, 1,8 % – өзбектер және өзге ұлт өкілдері 4 % құраған. Бригада запастағылар мен бұрын әскер қатарында  болмаған 18-19-дағы жастардан құралған. Бұлардың көпшілігі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келгендер екен. 101-дербес атқыштар бригадасы 1942 жылғы тамыз айына дейін Ақтөбе қаласында болады. 1942 жылғы қазанның 24 күні Мәскеу түбіндегі Погорелое қаласында эшелоннан түсіп, 200 шақырым жаяу жүріп, Дулово селосы төңірегінде Қалинин майданының құрамына кіреді. 101-атқыштар бригадасы 1944 жылы шілдеде таратылып,  47 және 90-атқыштар дивизияларының құрамымен біріктірілді. 1941 жылы 101 дербес атқыштар бригадасы жасақталып, штабы орналасқан үй – 3 қабатты, қазіргі уақытта М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының ғимараты. Кіре беріс есіктің сол жағында көлемі – 30х50 см екі мрамор-тақтайшаға қазақ және орыс тілдерінде «Бұл үйде 1941 жылы қараша-желтоқсан айларында 101 дербес атқыштар бригадасы ұйымдастырылды» деген жазулар қашап жазылған.