Әйгілі тары өсіруші Ш.Берсиевтің бейіті және «Даңқ мұнарасы» мемориалы

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: 1944 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш.Берсеев атындағы ауылдық округі, Қарасу ауылындағы зиратта

Тарихи мәлімет: Шығанақ Берсиев – 1881 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ащыойыл бойында дүниеге келген. Атақты диқаншы, тары өсіруде әлемге рекорд жасап, әйгілі болған «ақ тарының атасы».

Қысқаша анықтама: Ш.Берсиевтің бейіті саман кірпіштен салынып цемент ертіндісімен сыланған. Бетіне қоладан жасалған мемориалды тақтайшада «Знатный просвод Шаганак Берсиев» деген мәтін жазылған. Бейіт күйдірілген кірпішпен қоршалған. Солтүстік-батысында обелиск белгі орнатылған. Кешен тұтастай металл шарпақпен қоршалған.

Бейітке жақын жерде зираттың тұсында Ш.Берсиевтің құрметіне салынған мавзолей орналасқан. Бұл сырт келбеті қазақтың үйтам типіне ұқсас мавзолейдің  жоспары шеңбер тәріздес, күйдірілген кірпіштен салынған. Мавзолей 1947 жылы салынған.

Сәулетші Т.Басенов