Айшықты баба қорымы

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ.

Орналасқан жері: Мұғалжар ауданы, Саға ауылынан 17 км оңтүстік-батыста, Жем өзенінің оң жағалауы

Тарихи мәлімет: Қорым ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Назар руының жеке қорымы ретінде қалыптасқан. Қорымның негізі айшықты құлпытасы бар сағанатамнан бастау алады. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары мұнда негізінен Назар руының өкілдері жерленген. Кейінгі жылдары өзге де ру өкілдерінің бейіттері пайда болған.

Ескерткіштің сипаттамасы: Айшықты баба қорымының атауы Қышыр есімді кісінің айшығы бар құлпытасынан алынған. Ол  қорымның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бейітте ескі де жаңа да молалар кездеседі. Қорымның ескі бөлігі дұрыс сақталмаған. Қорымдағы бейіттердің көпшілігі силикат кірпіштен салынған «төртқұлақты» қоршаулар, темір қоршаулар, сондай-ақ кей жерлерінде силикат кірпіштен, темірден салынған шағын кесенелер бар. Қорымның өлшемі: 260 х 152 м.