АЛА ТӨБЕ

Ала төбе – 1977 жылы Жаманшыңнан құрамында титан бар әйнек табылады. Осылайша кратерде титан кен орны бар екені де анықталды. Бұрынғы замандарда адамдар бұл жерлерді кен орындары ретінде пайдаланып, түрлі бұйымдар әзірлеген болуы да мүмкін. Бұл шоқы басқа шоқылардан ала болғандығымен ерекшеленеді. Бұл Жер бетіндегі аз кездесетін тектиттер (иргизиттер) кенішінің бірі және тектиттер мен импактиттер қатар кездесетін жалғыз ғана кратер. Кратерде сонымен қатар лешательерит (көпіршіген кварцит), үш валентті титан да табылуда. 1989 жылғы Ресей, Канада, Франция, ГФР, АҚШ және Қазақстан ғалымдарының бірлескен экспедициясы, метеориттің құлауы өз кезінде табиғи геохимиялық ахуалды өзгертіп, ұзақ мерзімге тыйым салынған орын болып келген деген пікірді ұсынады.