Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2021 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында
Тарихи мәлімет: Қазақ тарихының түрлі кезеңдерінде азаттық үшін күрескен қайраткерлер болған. XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар соғысы қазақ даласында батырлар институтының қалыптастырды. XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенциясы азаттық үшін күрестің жаңа бағытына көшті. Халықты ағарту жұмыстарын белсенді жүргізді.
Ескерткіш Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы 25 желтоқсан күні ашылды.
Ескерткіштің сипаттамасы:.
Ескерткіш құрылымы іргетастан, киіз пішініндегі қабырғадан және қазақ хандары, батырлары, Алаш қайраткерлері бейнеленген барельефтен тұрады.
Ескерткіште Алаш партиясының белгілі қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Телжан Шонанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Мұхамеджан Тынышбаевтың барельефті бейнелері бейнеленген. Рельефті композицияның биіктігі – 5 метр, ал ұзындығы – 7 метр.
Мүсінші: Ж.Жұбанқосов.