«Бай көпес Красавиннің үйі»

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғасыр

Орналасқан жері: Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Шернияз Жарылғасұлы көшесі, 26, Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектеп-интернаты

Тарихи мәлімет: Ғимаратты ХІХ ғасырдың аяғында ағылшындар қызыл кірпіштен салған. Кезінде Ойыл өңіріндегі бай көпестің үйі болған. Қызыл кірпіштен қаланған бір қабатты үй. Қазіргі таңда Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы КММ-нің жанындағы интернат қызметін атқарып тұр.

Ескерткіштің сипаттамасы: Жоспары төртбұрышты П – әрпі тәрізді. Ұзындығы: 20 м, ені: 15 м, биіктігі 8,50 м. Ғимараттың сыртқы бедері қызыл кірпіш тасы арқылы әшекейленген. Артқы бөлігінде қойма сарайы төртбұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланып салынған.