Есет батыр Көкіұлының ескерткіші
Есет Көкіұлы(1667-1749 ж.ж.) – қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққантегі — КішіжүздіңЖетіруыныңішіндегітамаруынан.Есет батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін ел болып бірігіп, жоңғарларға алғашқы алапат соққы берген Бұланты шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін көтерткен Ұлы жеңіске өз үлесін қосады. Ал тарихи бетбұрыс жасаған Аңырақай соғысында ол Кіші жүз құрамының туын көтерген батыр болады. Әбілқайыр хан Ресейге қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы. Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған.1743 жылы 3-шілдеде Ресей патша үкіметінің жарлығымен Есет Көкіұлына тархан атағы беріледі.
Есет Көкіұлы дарынды қолбасшы ғана емес, сұңғыла саясаткер, мемлекет қайраткері, еліміздің еркіндігі үшін күрескен ұлтжанды тұлға. Есет батыр 82 жасында 1749 жылы қайтыс болды.Алға ауданы, Бестамақ ауылынан шығысқа қарай 3 шақырым жердегі биік төбенің басындақазақтың киіз үйі тәріздес Есет батыр мавзолейі бар.Есет батырды халық қасиетті, әулие жер деп толассыз тәу етуде.
Ескерткіштің сипаттамасы: Есет Көкіұлының ат үстінде қоладан құйылған мүсіні. Тұғырының биіктігі – 6,5 м, мүсіннің биіктігі – 6,3 м. Авторы ақтөбелік мүсінші – Жеңіс Жұбанқосов. Ескерткіш Екатеринбург қаласындағы «Иван Дубровин құймалы шеберханасында» дайындалды.
Ескерткіш демеушілер жарнасымен және жанашыр жандардың өздері тікелей көрсеткен көмегімен тұрғызылды. Елін қорғаған ердің ескерткішін тұрғызуға арнайы «Есет батыр ескерткіші» қоры құрылып жұмыс жасады.