ИРГИЗИТ АЛАҢЫ

Тектит грек тілінен аударғанда «балқыған» деген мағына береді, қара жасыл немее қара түсті  әйнек тәрізді денелер.

Тектит терминін 1900 жылы Эдуард Зюсс енгізген. Ол Чехословакияда табылған тектиттерді зерттей отырып, бұл метеориттің бір түрі деп есептеген.

Иргизит (тектит) – кратер территориясынан табылған түрлі жыныстардың ішінде салмағы 0,5 тен 3,0 гр, ұзындығы 2-3 тен 20-300 мм жететін ширатылып қатқан шашыранды, талшық тәріздес шыны денелер толық өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бұл тектитке П.В.Флоренский Ырғыз өзенінің құрметіне  «Иргизит» атауын берген.

Бұл тектиттер бүкіл ТМД елдері территориясында бірінші рет тек біздің Ақтөбе облысында ғана табылып отыр. Метеориттің жарылысы болған деп жорамалдауға болады. Соның салдарынан жер балқып, буға айналған. Сөйтіп аспанда өте қатты қызған бұлттардан осы тамшы шыны тастар пайда болған деп есептеуге болады. Бір қызығы тектиттер Австралия, Филиппинде, Чехославокияда да табылған, ал оларда еріген шыны тастар болғанымен кратерлер (шұңқырлар) жоқ.

Жаманшинит – саңылаулы учаскелердегі негізгі құрамы қара, сары әйнектен тұрады, қара, сары бөліктері бір-бірімен қабаттасып, араласып флюдтік құрылым сипатын береді. Химиялық құрамы бойынша 2 топтан тұрады: Біріншісінің құрамында ешқашан микролит болмайды, ал екіншісі микролит кездеседі және кейде барлығын ерітіп жібереді.