Күйші Қазанғап Тілепбергенұлының бейіті

Ескерткіштің атауы: Күйші Қазанғап Тілепбергенұлының бейіті

Ескерткіш түрі: киелі объекті

Ескерткіштің мерзімі: ХХ ғ. басы

Ескерткіштің орналасқан жері: Шалқар ауданы, Қосқақ қыстауынан 5 км солтүстік-батыста.

Тарихи мәлімет: қазақтың дәулескер күйшісі, компазитор. Шалқар ауданының қазіргі Айшуақ селолық округіне қарасты Ақбауыр деген жерде дүниеге келіп, сол жерде қайтыс болған.

Әкесі Тілепберген Жамантай, Тәубек байлардың жалшысы болған. Өзі де жастайынан қозы бағып, кең байтақ жазық далада табиғаттың небір таңғажайып құбылыстарымен тілдесіп, қамыстан, қурайдан құлаққа жағымды үн шығара білген. Кейін оның сырласы да, мұндасы да домбыра болады.

Ол ең алғаш Доңызтаудағы Төрешпен кездесіп, одан біраз күй үйренеді. Төрештің ақыл-кеңесімен Қарақалпақ еліндегі Бесқалада тұратын Орынбай күйшімен кездеседі. Осыдан кейін Қазанғап өзі де күй шығарып, жеке ойнау стилін қалыптастыра бастайды. Орынбор жәрмеңкесінің базарбасы, өте дәулетті, бірақ күйшілік өнерді одан да жоғары қоя білген Үсен төремен кездесуі Қазанғапқа тың жігер, ерекше шабыт береді. Өйткені, Үсен төремен өнер жарыстыруға көптеген күйшілер жасқанған. Себебі, Үсен төре аса дәулетті бай адам, оның үстіне домбыра тарту шеберлігінде ол өңірде оған тең келер күйші болмаған. Міне, Қазанғап Жаманқаладан (Орск) қайтқан сапарында сол Үсен төренің аулына соғады. Қазанғаптың орындаушылық шеберлігіне тәнті болған төре оны бірнеше күн қонақ қылып, құрмет көрсетіп, сый-сияпатпен шығарып салады. Қазанғап та оны өзіне ұстаз тұтып, өле-өлгенше қадірлеп өтеді. Сол ұстаздың құрметіне «Ысырма», «Шыныаяқ тастар», «Қиту-қиту, қайт-қайт», «Құс қайтару» күйлерін шығарады.

Ескерткіштің сипаттамасы: Қазанғап бейіті Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қосқақ қыстауынан 5 км ССШ Байсары бархын құмының шетінде орналасқан және жоспарда тұртбұрышты қазіргі төртқұлақ қоршау болып келеді. Қоршау қабырғалары  бетон блоктан тұратын іргетасқа ашық сары отқа төзімді кірпіштен және ақ силикаттан кезекпен қаланған, сонымен қоса соңғысымен және кірпіш қалаудың арасына рубиройд қағаз төселген. Ескерткіштің негізгі қас беті, соның ішінде батыс беті, айшығы бар  темір өзек орнатылған аркалы құрылыспен аяқталған. Қоршау кіре берісі  шығыс қабырғасында төртбұрышты болып келеді және темір тормен жабылған. Қоршаудың төрт жағына Қазанғаптың өмірі мен қызметі жазылған тіктөртбұрышты мрамор плиталар қаланған. Қоршау ішінде бейіт құрылысы анықталмаған, силикат кірпіштен қаланған қабірүсті тас бар. Қоршау сыртында оңтүстік жағынан кирилицамен жазылған темір бетон құлпытас орнатылған. Қоршау темір торлармен қоршалған. Қоршау өлшемдері: 3,36х,20 м, батыс биік қабырғасының биіктігі 2,25 м.