Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұловаға ескерткіш

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 1995 жыл

Орналасқан жері: Қобда ауданы, Әлия ауылы, Ю.Гагарин көшесі, 1а

Тарихи мәлімет: Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы – 1925 жылы 15 маусымда (кейбір деректерде 25 қазан) Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пен Маржан Молдағұловтың отбасында дүниеге келген.

1944 жылы 4 маусымда Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған. Әлия Псков облысы,  Новосокольники ауданы Монакова ауылында жерленген.

Ескерткіштің сипаттамасы: Әлия Молдағұлованың толық бойымен әскери шинель жамылған мүсіні мәрмәрдан жасалған. Мүсін гранит тұғырға орнатылған. Айналасы қоршалып абаттандырылған.

Мүсінші: Бақытжан Әбішев