Орыс-қырғыз 2 кластық училищесі

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Шернияз көшесі 59. Бұл ғимаратта Ақтөбе уезіндегі алғашқы оқу орны болып 1881 жылы орыс-қырғыз 2 кластық училищесі ашылды. 1883 жылы оқу орны ретінде салынып бітті. 1884 жаңа оқу жылына қарай училище Бөрте тоғайлысынан жаңадан салынған оқу ғимаратына көшіріліп, біздің заманымызға дейін сақталып тұр. Алғашқы ұстаз Арсений Мазахим Қазан мұғалімдік семинариясын бітірген, атақты профессор И. Ильминскийдің шәкірті. Ақтөбе уезінде халық ағарту ісіне көп еңбегін сіңірген Ы. Алтынсарин. Ол 1879 жылы училищелерді бақылайтын инспектор етіп тағайындалды. Ғимарат П әрпі етіп салынған. Бір қабатты, тастан салынған. Қазір ғимарат «Облыстық тері-венерология диспансерінің» стационары ретінде пайдаланылып отыр. Ғимараттың жары – күйдірілген кірпіштен қаланған, соңғы жылдары жарға арналған изовер панельмен қапталған. Ғимараттың жалпы алаңы -988,5 м2, оның ішінде: құрылыс ауданы – 1500 м2 Бөлмелер саны: 59.  Қорғау тақтайшасы орнатылған. Соңғы күрделі жөндеу 2009 – 2010 жылдары жүрген.