Қали (Қарттың) кесенесі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы

Орналасқан жері: Әйтеке би ауданы, Талдық ауылынан шығысқа қарай 20 км

Тарихи мәлімет: Қали Қарт кесенесі – Солтүстік-Арал маңы өңіріндегі далалық сәулет өнерінің ерекше үлгісі болып табылады.

Ескерткішті 1990 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Қазреставрация» ғылыми зерттеу экспедициясы зерттеген. Кесененің салыну тарихы туралы деректер белгісіз.

Ескерткіштің сипаттамасы: Мавзолей күйдірілген және шикі кірпіштерден қаланған, ақ бор аралас балшықпен сыланған. Кіреберіс дәлізінің бөлмесі күмбезделіп, орталық бөлменің күмбезі сына тәрізді қаланған. Мавзолей күмбезінің сырты трапеция тәрізді етіп күйген кірпішпен қапталған.

Кесененің биіктігі – 6,50 метр алты қырлы қабырғалардың қарама – қарсы арасы – 9,0 метр, тамбурдың ұзындығы (сыртқы өлшем бойынша) – 12,0 м.