Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 1919 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, А. Пушкин атындағы саябақ
Тарихи мәлімет: Азамат соғысы жылдарында Ақтөбе қаласы үшін соғысқан Кеңестік армия әскерлері Елек өзенінің жағасында атылды. Дәл сол Елек өзенінің жағасында әскерлерді жерлеген жерге ескерткіш-белгі орнатылған болатын. Жыл сайын көктемде болатын су тасқынынан ескерткішті сақтау мақсатында 1945 жылы А.С.Пушкин атындағы саябаққа ауыстыру ұйғарылды. Атылған әскерлердің сүйектері А.С.Пушкин атындағы саябаққа көшіріліп, ескерткіш-белгі орнатылды
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш 12,430 м х 12,200 м П пішінді көгалды аумақта орналасқан. Көгалды аумақтың ортасында шаршы пішінді, 4,600 м х 4,600 өлшемді стилобад орналасқан. Стилобадтың биіктігі – 56 см. Стилобадтың ортасына шаршы пішінді, екі қатарлы тұғыр орналасқан. Бірінші қатарының өлшемі 1,630 м х 1,630 м, екінші қатары 1,730 м х 1,730 м. Түғырдың биіктігі – 2,76 м. Тұғырдың үсті параллепипед пішіннен пирамида пішінге ауысады. Ұшына бес бұрышты жұлдыз қойылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 7 м. Ескерткіш мрамор плиталармен қапталған. Тұғырдың ортасында қара гранит тасқа: «Героям гражданскоц войны, погибшим в борьбе за Советскую власть в 1919 году» деген мәтін жазылған.