Сахабай тамы мавзолейі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: XIX ғ. аяғы – XX ғ. басы

Орналасқан жері: Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылынан 16 км шығыста

Тарихи мәлімет: Ескерткішті алғаш рет 1983 жылы С.Әжіғалидың жетекшілігімен Қазақ КСР-нің тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі орталық экспедициясы зерттеген.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш оңтүстік-батысқа кіре берістегі екі камералы сырлы кесене болып табылады. Мавзолей екі бөлімді шикі кірпіштен өрілген, сақталған бөлігінің биіктігі – 6,25 метр.