Шәмші Қалдаяқов ескерткіші
Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2021 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов көшесінің бойындағы «Ғашықтар» аллеясы
Тарихи мәлімет: Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Шәмші Қалдаяқов мектепті бітірген соң Сарыағаштағы мал дәрігерлік техникумында білім алды. Оқуын бітірген соң 20 жастағы Шәмші Ақтөбеде сегіз ай еңбек етті.
2021 жылы 15 қазанда Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен Республикалық «Әдебиет. Рух. Қоғам» форумының аясында «Ғашықтар аллеясында» ашылды
Ескерткіштің сипаттамасы: Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші композитордың қолына музыкалық аспапты алған күйі орындыққа отырғаны бейнелеген. Мемлекеттік гимннің авторларының бірі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың ой үстінде отырған бейнесін тасқа қашаған — мүсінші Жеңіс Жұбанқосов. Танымал музыка шеберінің қоладан құйылған мүсінінің биіктігі — 1,57 метр.