Т.Айбергенов ескерткіш-мүсіні
Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2021 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, Ғашықтар аллеясы
Тарихи мәлімет: Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақстан АКСР, Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ақынның «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970, 2005), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981, 1989, 2001), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет-кітапшасы (1985), төрт томдық шығармалар жинағы (2013) жарық көрген. 1967 жылы 29 тамызда жұмбақ жағдайда қайтыс болды.
2021 жылы 15 қазанда Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен Республикалық «Әдебиет. Рух. Қоғам» форумының аясында ақын ескерткіші «Ғашықтар аллеясында» ашылды
Ескерткіштің сипаттамасы:. Ескерткіш іргетастан, тұғырдан және мүсіннен тұрады. Шаршы пішінде 4,15 х 4,15м өлшемді тас төсеуішті алаңға орнатылған. Іргетасы тіктөртбұрышты, өлшемі 1,2 х 1,60 м., биіктігі – 17 см. Тұғыры тұтас граниттен жасалған, төменгі бөлігінде құс қауырсынды қаламсап бейнеленсе, ал алдыңғы бетіне «Bır toiym bolatyny sözsız menıñ» деп ақын өлеңінен үзінді келтірілген. Тұғырдың сол жақ жанында «Tölegen Aibergenov» деп ақынның аты жазылған. Тұғырының өлшемі 1,10 х 0,75 м., биіктігі – 2,22 м. Ақын бейнесі бейнеленген мүсін мәрмәрдан жасалған. Мүсінші: Ж.Кенбай